Мемлекеттік қызметші күнінде

Мемлекеттік қызметші күнінде

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2013 жылы 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді. 2014 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер күні атап өтіле бастады.

Мемлекеттік қызмет-мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жетекші рөл атқаратын бүкіл мемлекеттік жүйенің маңызды элементтерінің бірі. Әлемдік тәжірибе тиімді мемлекеттік биліктің ғана халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге қабілетті екенін айғақтайды. Осындай ауқымдағы міндеттерді мемлекеттің қызметіндегі жеке құрамның - мемлекеттік қызметшілердің нақты іс-әрекеттері арқылы іске асыруға болады.

Ағымдағы жылдың 23 маусымында экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасында Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшi күнiне арналған салтанатты iс-шара жүргiзiлдi.

Мемлекеттiк қызметтегi үздiк еңбегi және оны дамытуға қосқан үлесi үшiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша Департаментi атынан экономикалық саясат және жоспарлау бөлімінің басшысы Н.А. Хайдарға алғыс хат берiлдi.

Нақты секторды дамыту бөлiмiнiң бас маманы Н.Қ. Сердалин Ақмола облысы әкiмiнiң алғыс хатымен марапатталды.

Экономикалық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы Т. с. Теміртаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және мемлекеттік қызметші күніне орай өткізілген сайлау заңнамасының конституциялық негіздерін білуге арналған жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы акцияда республика бойынша ең үздік нәтиже үшін Орталық сайлау комиссиясының дипломымен марапатталды.