Облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді

Ағымдағы жылдың 17 маусымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына облыс әкімі Ермек Маржықпаев қатысты.

Депутаттар мәселелер бойынша шешімдерді, соның ішінде облыстық бюджетті нақтылауды бірауыздан қолдады.

Бюджетке енгізілетін өзгерістер бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев хабардар етті.

Ең алдымен, нақтылау бірінші кезекте алдағы жылыту маусымына дайындыққа бағытталған. Қаражат халықты және әлеуметтік сала мекемелерін үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге жоспарланған.

Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт салаларында іс-шаралар көзделген.

Сондай-ақ бюджет қаражаты әлеуметтік сала объектілерін дамытуға, тұрғын үйлер, оларға инженерлік желілер, сумен жабдықтау және көлік инфрақұрылымы объектілерінің құрылысын аяқтауға инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталды.

Тұтастай алғанда, енгізілетін мәселелердің өзектілігін ескере отырып, облыстық бюджетті нақтылау негізгі басым әлеуметтік-маңызды міндеттерді ескере отырып, облыстың одан әрі орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.