31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Жыл сайын, 1997 жылдан бастап, Қазақстанда Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамдардың өмірін қиған жан түршігерлік ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.

Қуғын-сүргін жылдары Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн-нан астам адам жер аударылды.

1921 жылдан 1954 жылға дейінгі кезеңде республиканың өзінде 100 мың адам сотталды, ал олардың 25 мыңы ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасына кесілді.

1920-1953 жылдар аралығында 33 жыл ішінде 110 мыңға жуық адам саяси қуғын-сүргінге ұшырап, бүкіл қазақстандық партия ұйымының 18 пайызға жуығы халық жауы деп жарияланды.

1937 жылы қуғын-сүргін шарықтау шегінде Қазақстанда тұтқындалғандардың саны 105 мың адамға жетті, олардың 22 мыңға жуығы ату жазасына кесілді.