Ағымдағы жылдың 26 сәуірдегі облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.
Депутаттар мәселелер бойынша шешімдерді, соның ішінде облыстық бюджетті нақтылауды бірауыздан қолдады.
Бюджетке енгізілетін өзгерістер бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев хабардар етті.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын қолдау үшін жұмыспен қамту Жол картасы шеңберінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 2021 жылға мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен 10,3 млрд. теңге сомасында қарыз қаражаты жоспарланған.
Жұмыспен қамту Жол картасының негізгі мақсаттары жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Сондай-ақ, ішкі нарықтағы айналым үшін ішкі қарыздар есебінен тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін облыс өңірлерінде 19 көппәтерлі тұрғын үй құрылысын бастауға қосымша 1,9 млрд. теңге бөлінеді.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыру ұзақ уақыт бойы тиісті қаржылық қолдау алмаған білім беруді, әлеуметтік қамсыздандыруды, тұрғын үй саласын дамытудың неғұрлым өткір және проблемалық мәселелерін шешеді.