Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын!

   

Наурыз мейрамы - көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Парсыша «наурыз» бірінші айдың бірінші күні дегенді білдіреді. Бұл айды соғдалықтар «наусарыз», хорезмдіктер «наусарджи», армяндар «навасарди», чуваштар «норас-ойахе» деп атаған. Қазақстанда кеңес заманында талай жылдар бойы діни мереке деп саналып, тыйым салынды. Соңғы рет 1926 жылы тойланған Наурыз мейрамы Қазақстанда 1990 жылдардың басында қайтадан ресми түрде атала бастады. 2001 жылы Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке ретінде жарияланды.

Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2010 жылдан бері Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн бойы тойланып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарымен 2010 жылы Наурыз халықаралық мейрам мәртебесіне ие болды.

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында мейрам тамаша өтті. Әдемі қазақтың ұлттық киімдері, көңілді жүздері. Шағын ұлттық концерт болды. Домбыра мен орындалған әдемі күйлер бәрінің көңілінен шықты.

"Ардагерлерді ардақтайық!" ұранымен басқарма ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Санитарлық нормаларды сақтау мақсатында зейнеткерлер үйлеріне барып, естелік сыйлықтар тарту етті.