Облыстық мәслихаттың сессия туралы

Облыстық мәслихаттың сессия туралы

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті елу екінші сессиясында депутаттар 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекітті.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың бас қаржы құжаты мемлекеттік органдардың интернет - ресурстарының бірыңғай платформасында, Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бетінде және азаматтар өз ұсыныстарын енгізуі үшін ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылғанын атап өткен жөн.

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы @duzelbaevkanat алдағы үш жылға арналған бюджет қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттарына қысқаша тоқталды. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жол құрылысы сияқты салалар. Яғни, барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау, облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін ұстап тұру, сондай-ақ экономиканы қолдау және ынталандыру, аграрлық секторды, инфрақұрылымды, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қажетті қаражат көзделген.

Сондай-ақ депутаттар Ақмола облысының аумағын дамытудың 2011-2025 жылдарға арналған бағдарламасын мақұлдады.