Совещание

Совещание

Ағымдағы жылдың 28 қазанында Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың       2020 жылғы 1 қыркүйектегі " Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды талқылау бойынша кеңес өткізілді.

Бас маман-заңгер Л.С. Бекмағанбетова Жолдауды іске асыру бойынша        іс-шаралар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, қоғамның мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар туралы айтып берді.

Кеңес қорытындысы бойынша басқарма басшысының орынбасары              Д.К. Қуанышбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн тәртібі Мемлекеттік органдардың беделін одан әрі нығайтуға, "халық үніне құлақ асатын мемлекеттің" одан әрі дамуына, сондай-ақ қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың сапалы іске асырылуына ықпал ететінін атап өтті.