
Құрметті әріптестер! Қаржы саласының қызметкерлері! Сіздерді бүгінгі Қазақстан Республикасы Ұлттық валюта күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!
Бұл күні біз ұлттық валютаның маңыздылығын ғана емес, оның экономиканың тұрақтылығындағы, бизнесті дамытудағы және еліміздің әрбір азаматының өмірін жақсартудағы рөлін атап өтеміз.
Мереке қарсаңында басқарма басшысының орынбасары Құлтасова Динара Қалымқызы Ұлттық экономика министрлігінің «Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, қаржы және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Түлкібаева Жанар Бақытқызы облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Басқарма басшысының алғыс хаттарымен басқарма қызметкерлері Кушеков Бауыржан Дулатұлы, Адилова Динара Оралқызы, Серикова Наргиз Сағындыққызы, Оспанова Қымбат Тайболатқызы, Шайсұлтанова Айгерім Сансызбайқызы, Муфтахадинова Райгүл Маратқызы марапатталды.
«AMANAT» партиясының алғыс хаттарымен басқарма қызметкерлері Нұрғалиева Гүлмира Жасқайратқызы, Қазжанова Дина Төлебеккызы, Ташимов Азамат Сәлімұлы, Еламанов Болат Кабиболлаұлы марапатталды.