Інжіл-Лютерандық приходтағы алғыс айту күні

Інжіл-Лютерандық приходтағы алғыс айту күні

Алғыс айту күні аясында, 2024 жылғы 12 ақпанда облыстық дін істері басқармасы депортацияланған этностардың ұрпақтары болып табылатын «Ақмола облысының Інжіл-Лютеран Приходы» жергілікті діни бірлестігінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу Лютеран приходының ғимаратында дастархан басында өтті, онда қатысушылар бала-шағында ата-аналарымен бірге Украинаның әртүрлі аймақтарынан Қазақстанға жіберілгені және арнайы қоныста болған қиын күндері туралы естеліктерімен бөлісті. Кездесу барысында қатысушылар оңалту туралы анықтамалардың көшірмелерін ұсынды.