Рухани келісім күні

Рухани келісім күні

Рухани келісім күні

        2023 жылғы 20 қазанда Ақмола облысының дін істері басқармасымен Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім – бірліктің негізі» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына облыстың діни бірлестіктерінің, КҚДТО КММ, «Насихат» ҚБ өкілдері және аудандардың ІСБ мамандары қатысты.
        Дін істері басқармасының басшысы А.Е.Мұқажанов; ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша уәкілетті өкілі, «Науан Хазірет» мешітінің бас имамы Сәбит Қуаныш; Көкшетау және Ақмола епархиясының архиепископы Владика Серапион және Рим-католик приходының настоятелі Войчех Скорупа қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйледі.
        Мерекелік іс-шарада «Рухани келісім күні - бұл татуластықты іздеу, әртүрлі ұлттық және әлеуметтік топтардың адамдары арасында өзара түсіністік орнату, саяси және діни нанымдар, мейірімділік пен жақындарына қол ұшын беру. Бүгінде ол Қазақстан халқының сан ғасырлық даналығын, қоғамның рухани бірлігі мен келісімін бейнелейді. Өзара құрметке, түсіністік пен сенімге қол жеткізуге, жоғары адамгершіліктің үлгісі болған, қауіпсіздік пен үйлесімділік, бейбітшілік атынан бізді біріктіретін дәл осы рухани келісім негіз болады».
        Діни бірлестіктердің басшылары ислам, православие және католицизм үшін және тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үшін рухани келісім күнінің маңыздылығы туралы атап өтті.
        Іс-шараны өткізу барысында дін істері басқармасының басшысы: «Ықылас» мешітінің бас имамы Нұрлан Әбенұлы Жултаевқа; Қорғалжын ауданы Жантеке ауылдық мешітінің бас имамы Жандос Нұрхалиұлы Жұмабаевқа; «Тоқан Хазірет» Ерейментау аудандық мешітінің бас имамы Еркебұлан Олжабайұлы Исеновке; Жарқайын аудандық мешітінің бас имамы Алмас Әбдуұлы Оспанға; Шортанды к. «Храм преподобного Серафима Саровского» приходының настоятелі Матвей Валерьевич Мелащенкоға; Шортанды к. «Непорочного зачатия приснодевы Марии» рим-католик приходының настоятелі Лешек Смакошка; «Источник жизни» евангелиялық-христиан шіркеуінің басшысы Гүлмира Құралбайқызы Хамзинаға; «Насихат» ҚБ директоры Диас Тұрсынбекұлы Байжігітовке; Біржан сал ауданы ІСБ бас маманы Ильдар Равильевич Хадиевке; Зеренді ауданы ІСБ бас маманы Серікбай Балташұлы Өтегеновке; КҚТДО КММ бас бухгалтері Гүлмира Дийсүмбекқызы Есеноваға конфессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтауға қосқан үлестері үшін облыс әкімінің атынан алғыс хаттарды табыс етті.
        Бұдан әрі ДІБ басшысы Республика күнінің ұлттық мерекесінің тарихы туралы баяндады. 2022 жылғы 29 қыркүйекте ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мереке мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын назарларына салды. «Республика күні-Қазақстанның басты және жалғыз ұлттық мерекесі. Оны біз 25 қазанда атап өтеміз және бұл бізде демалыс күн».
        Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысында ДІБ басшысы А.Е.Мұқажанов қатысушыларды Рухани келісім күні және келе жатқан ұлттық мереке - Республика күнімен тағы да құттықтап, баршаға бейбітшілік, жақсылық, өркендеу мен берекелікті тіледі!
        Мерекелік іс-шара кофе-брейкпен аяқталды, онда әртүрлі конфессиялар өкілдерінің диалогтары бейресми жағдайда жалғасын тапты.