Рухани келісім – тұрақтылық іргетасы

Рухани келісім – тұрақтылық іргетасы

Рухани келісім – тұрақтылық іргетасы


       «Алтау ала болса, ауыз¬дағы кетеді, төртеу түгел болса, тө¬бе¬дегі келеді» - демекші, елі¬мізде қалып¬тас¬¬қан дінаралық татулық, ұлт¬аралық келісім – ширек ға¬сырға татитын тәуелсіз елі ¬міздің жеткен басты жетістік-терінің бірі.
       Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасын¬дағы бірлік – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық – тұғырымыз. Бүгінгі бе¬рекелі күнге бірліктің арқа¬сында жеттік. Елдің әлеу¬меттік-экомикалық көр¬сет¬кіші халықтардың өзара татулығы негізінде дами түсетіні түсінікті.
       Күнтізбемізге 18 қазанның Рухани келісім күні ретінде енуі – қазақ то¬пырағына бей¬бітшілік орнатып, тұрақты қоғам құру идеясынан туған үлкен бас¬тама. Бұл әртүрлі континенттердегі ондаған елдердегі мыңдаған адамдардың жүрегі мен ісінде есте сақталатын ерекше мереке. Бұл қоғамдағы тұрақтылық пен келісім үшін ұлты мен дініне қарамастан бәрімізді біріктіретін күн. Рухани келісім күні-татуласу күні, әртүрлі ұлттық және әлеуметтік топтардың адамдары, саяси және діни нанымдар арасындағы өзара түсіністікке көпірлер орнату, мейірімділік пен жақындарына қол ұшын беру күні. Қазақстан халқының бірлігі мен келісімі – тәуелсіз мемлекеттің басты құндылығы, оның аса маңызды қағидаты азаматтардың діни сезімдеріне құрметпен қарау болып табылады.
       Осы мерекеге орай Ақмола облысы дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ мамандары, жыл сайын 18 қазанда дінаралық диалогты кеңейту, дәстүрлі адамгершілік құндылықтар мен толеранттылық қағидаттарын одан әрі нығайту мәселелерін талқылау, сондай-ақ деструктивті идеологиялардың таралуына жол бермеу үшін діни қызмет мәселелері бойынша халықпен кері байланысты күшейту мақсатында түрлі форматтағы іс-шаралар өткізеді.
       Рухани келісім – біздің ұлттымызға тән үлкенді сыйлау, отбасына құр¬мет, балаларға қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік тәрізді ізгі ортақ құндылықтар берік орнықты. Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ.
       Егер біз рухани келісімді одан әрі нығайтып, осы ұлы дәстүрді ұрпақтарымызға берсек, біз ең жоғары мақсаттарға жетеміз!


Ақмола облысы дін істері басқармасының «Конфессиялық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ басшысы
Касенов Б.Н.