
2026 жылғы 5 мамырда сағат 15.00-де Ақмола облысы дін істері басқармасымен «Воскресения Христова» кафедралдық соборы жанындағы жексенбілік мектебінің ғимаратында, «Ынтымақ» діни бірлестіктер басшыларының жиналысы аясында, дінаралық келісімді нығайту мақсатында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Көкшетау қ. діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері, «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ басшысы қатысты.
Отырыс басталмас бұрын, епархияның басқарушысы, архиепископ Варсонофий «Воскресения Христова» соборында шағын экскурсия өткізді.
Экскурсия барысында архиепископ жексенбілік мектептің тәрбиеленушілері жасаған жәдігерлері туралы айтып, көрсетіп, аталған жұмыстардың «Пасха красная» көрме-байқауға қатысқанын және оның сабыннан жасалғандарын атап өтті. Бұл жұмыстар Петропавл қ. өткен халықаралық байқауға қатысып, көптеген жұмыстар жүлделі орындарға ие болғанын айтты.
Бұдан әрі, епархиялық басқарманың хатшысы В.В. Анферов собор құрылысының барысы, храмның ішіндегі суреті және безендіру туралы айтып берді.
Экскурсия аяқталғаннан кейін, дін істері басқармасының басшысы Болат Негметжанұлы Касенов мектеп ғимаратында қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, өткен мереке, Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
Одан әрі, Б.Н.Касенов Отан қорғаушылар күні мерекесінің маңыздылығы туралы айтып берді. Өз баяндамасында, ол «Бұл мереке тек әскери қызметшілерге ғана емес, ол бүкіл қоғам үшін ерекше мәнге ие. Елді қорғау - әрбір азаматтың қасиетті парызы, нағыз патриотизмнің жарқын көрінісі». Мереке аясында, республикада және облыста өтетін іс-шаралар туралы атап өтті. Сөз соңында баршаға ашық аспан, бақ-береке және зор-денсаулық тіледі!
«Әулие Антоний» рим-католик приходының настоятелі Жакенуд Роланд 2025 жылғы және биылғы жылдың 1 - тоқсандағы қызметі туралы ақпаратты баяндады.
Өз сөзінде, ол «Көкшетау қ. приходы деканаттың орталығы болып табылады, ол облыстың бірнеше аудандарының приходтарын біріктіреді. «Әулие Антоний» приходы облыстағы ең үлкен, ал ғибадатхана Қазақстандағы ең ірі храмдардың бірі болып табылады» туралы атап өтті. Құдайға құлшылық ету тек қана діни қызметкердің қатысуымен өткізілетінін, сондай-ақ, приходтардағы жиналыста жастар мен балалар үшін сабақтар, жылына 2 рет алтарьда қызмет ететін жасөспірімдерге арналған кездесулер, жылына 1 рет жастарға арналған кездесулер өткізілетінін айтты.
Евангелиялық-лютерандық шіркеудің басшысы А.К.Колдаева шіркеудің қызметі: құдайды ұлықтау және қайырымдылық сияқты екі бағытта жүзеге асыратынын баяндады. Қайырымдылық көрсету кезінде назар аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға және жалғыз басты зейнеткерлерге аударылатынын атап өтті.
Дін істері басқармасының бас маманы Г.В. Бессмертная Жеңіс күні мерекесінің маңыздылығы туралы айтып берді. Өз сөзінде, ол 9 мамыр батылдық, жанкештілік пен Отанға деген ерлік қызметтің символы екенін атап өтті. Ақмола облысынан 90 мың адам шақырылып, тек соның 37 мыңнан астамы ғана қайтып оралғанын тілге тиек етті. Кеңес Одағының батыры атағына ие болған қазақстандық жерлестеріміздің ерліктерін атап өтті. А.Матросов сияқты жау дзотының амбразурасын кеудесімен жабқан отандасымыз Сұлтан Баймағамбетовтың ерлігін еске салды. Тыл еңбеккерлерінің Ұлы Жеңіске қосқан үлесін де атап өтті. Сөз соңында қатысушыларды келе жатқан мерекелермен құттықтап, оларға бейбітшілік, бақыт, игілік және мықты денсаулық тіледі.
Көкшетау епархиясының архиепископы Варсонофий мен иерей В.В. Анферов Жеңіс күнінің маңыздылығы мен өздерінің туған-туыстары туралы естеліктерімен бөлісті.
ДІБ басшысы Б.Н.Касенов қорытынды сөзінде баршаны келе жатқан мерекелері - Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнімен тағы да құттықтап, «Ата-бабаларымыздың ерлігі шабыт берсін, ал ерліктерімізді есте сақтау бізді қиыншылықтардан сақтасын!» деп тілек білдірді.
Іс-шара Көкшетау епархиясының басшылығы конфессияаралық келісімді нығайту және сақтау үшін ұйымдастырған мерекелік дастархан басында аяқталды.