Ақмола облысы дін істері басқармасының басшысы Б.Н. Касеновтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Ақмола облысы дін істері басқармасының басшысы Б.Н. Касеновтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары!

Қадірлі жерлестер!

 

Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам – ғасырлар бойы халқымыздың рухани мәдениетімен астарласып, бейбітшілік, татулық және жанашырлық секілді ізгі құндылықтардың символына айналған мереке. Ораза айт қоғамымыздағы өзара құрмет пен түсіністікті нығайтып, этносаралық және конфессияаралық келісімнің нығаюына оң ықпал етеді.

Бүгінде біз жаңартылған Конституциямыздың негізінде Әділетті Қазақстанды құру жолында нық қадам басып келеміз. Ата Заңымыз – еліміздегі ар-ождан бостандығы мен рухани толеранттылықтың берік кепілі, сонымен қатар барша азаматтардың теңдігі мен бірлігінің басты тірегі.

Осынау шуақты мерекеде әрбір шаңыраққа амандық, бақ-береке және ертеңгі күнге деген нық сенім тілеймін. Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында әрдайым тыныштық пен өркендеу салтанат құрсын!