
Құрметті жерлестер!
Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл кезең – біздің қоғамымызда тек діни жоралғы ретінде емес, ең алдымен рухани жаңғыру мен парасаттылықтың мезгілі ретінде ерекше бағаланады. Рамазан айы адам баласын сабырлыққа, төзімділікке және айналасындағы жандарға мейіріммен қарауға тәрбиелейді.
Ораза – тағдырлар мен көзқарастарды бір дастархан басына біріктіріп, қоғамдағы өзара түсіністікті нығайтады. Мұқтаж жандарға көмек көрсету, қайырымды істерге ұйытқы болу – біздің халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрі. Бұл уақыт әрбір азаматтың өз ерік-жігерін шыңдап, жаман әдеттерден арылуына және ізгілікке бет бұруына мүмкіндік береді.
Біздің басты байлығымыз – елдегі бейбітшілік пен конфессияаралық келісім. Рамазан айы осы құндылықтарды одан әрі бекемдей түсетініне сенімдімін.
Осынау берекелі күндерде әрбір шаңыраққа амандық, бақ-береке және жақсылық тілеймін. Ниеттеріңіз асыл, қадамдарыңыз сәтті болсын. Еліміздің гүлденуі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болғай!
Рамазан айы құтты болсын!