
Құрметті ақмолалықтар!
Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл айтулы күн қоғамдағы татулықты, өзара құрмет пен түсіністікті нығайтуға, адамдар арасындағы сенім мен ізгі ниетті арттыруға бағытталған мереке ретінде маңызды орын алады.
Мұндай мерекелер бейбітшілік пен тұрақтылықтың, келісім мен бірліктің құндылығын айқындай отырып, түрлі мәдениет пен көзқарас өкілдерінің өзара сыйластықта өмір сүруіне ықпал етеді. Рождество мерекесі де осы ортақ құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосады деп сенемін.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға тыныштық пен береке, алдағы істеріңізге сәттілік тілеймін. Әр үйде жылулық пен қуаныш орнап, елімізде бейбіт өмір жалғасын таба берсін!
Құрметпен,
Ақмола облысы
Дін істері басқармасының басшысы
Б.Н. Касенов