Ақмола облысы дін істері басқармасының басшысы Б.Н. Қасеновтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Ақмола облысы дін істері басқармасының басшысы Б.Н. Қасеновтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

                                              Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді ел мерейін асқақтатар ұлық мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүріктен құттықтаймын!

Тәуелсіздік – халқымыздың сан ғасырлық арманының орындалуы, ұлттық рухани жаңғыруы мен мемлекетіміздің жаңа дәуірі басталған тарихи белес. Егемендік жылдары Қазақстан бейбітшілікті, қоғамдық келісімді, діни толеранттылық пен өзара құрмет қағидаттарын берік ұстанған мемлекет ретінде әлемге танылды.

Ақмола облысы Дін істері басқармасы қоғамдық татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Бірлік пен сыйластық – біздің ортақ құндылығымыз, ал әрбір азаматтың ынтымағы мен еңбегі – өңіріміздің дамуына қосылған баға жетпес үлес.

Осы мерейлі күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Елімізде бейбітшілік пен келісім салтанат құрып, тәуелсіздігіміздің туы әрдайым биік болсын!

Құрметпен,

Б. Касенов

Ақмола облысы

Дін істері басқармасының басшысы