
Ақмола облысының дін істері басқармасы «Ұлттық диктант» республикалық жобасын қолдап және оған қосылды.
2025 жылғы 20 қарашада басқарма қызметкерлері диктант жазуға ат салысты. Диктант кезінде қатысушылар қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың «Оқу жайы» шығармасынан мәтіндер жазды. Диктант дәстүрлі форматта өткізілді.
Жазу кезінде орфография және пунктуация нормаларын сақтауға ерекше көңіл бөлінді. «Ұлттық диктант» қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік тілді меңгерудің жоғары деңгейін көрсетті.
Жобаның негізгі мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мен насихаттауға, халықтың тілдік сауаттылығын дамытуға, сондай-ақ ұлттық бірегейлік пен тіл мәдениетін нығайтуға бағытталған.