Рухани келісім күнімен құттықтау

Рухани келісім күнімен құттықтау

  Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді көптеген жылдар бойы біз үшін татулық пен түсіністіктің, мейірім мен бейбітшіліктің символына айналған – 18 қазан – Рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – ұлт пен ұлысқа бөлінбей, діни сенімі мен көзқарасы әртүрлі азаматтардың бір шаңырақ астында тату өмір сүріп келе жатқанын айғақтайтын маңызды мейрам.

Қазақстан – түрлі дін мен ұлт өкілдерінің береке мен бірлікте тіршілік етуіне жол ашқан бейбітсүйгіш ел. Осы бағытта Ақмола өңірі де рухани келісімді нығайтуда елеулі үлес қосып келеді.

Осыдан бір ай бұрын, қыркүйектің 17-18 күндері, Астана төрінде өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII форумы – еліміздің халықаралық деңгейде татулық пен келісімнің үлгісі екенін тағы бір мәрте көрсетті. Бұл – барша қазақстандықтардың ортақ жеңісі!

Біздің ең басты байлығымыз – ел ішіндегі тұрақтылық пен өзара құрмет. Сондықтан да, Рухани келісім күні – әрқайсымыз үшін бейбіт өмірді бағалауға, қоғамдағы татулық пен сыйластықты сақтауға үндейтін  мәні терең мейрам.

Осы айтулы күні  Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен тұрақтылық, өзара сыйластық пен келісім тілейміз!

 

Ізгі тілекпен,

Ақмола облысы 

Дін істері басқармасының басшысы

Б. Касенов