
2025 жылғы 16 қазанда, Рухани келісім күнін мерекелеу аясында, Көкшетау қаласының діни бірлестіктер басшылары мен өкілдері үшін, Ақмола облысы дін істері басқармасы Қазақстан мұрасы бағыты бойынша экскурсиялық сапар ұйымдастырды.
Сапар барысында қатысушылар СҚО Озерное ауылындағы «Әлем Патшайымы» Рим-католик приходында орналасқан «Қазақстан Жұлдызы» Алтарына барды. Экскурсия барысында әпке Рафала Озерное ауылының және «Әлем Патшайымы» приходының құрылу тарихын, приходтың атауы және костел ғимаратының салынуы туралы нақты баяндады. Алтардың 4-бұрыштарында бейнеленген Авраам өмірінің кейбір үзінділерінің түсіндірмелерін қоса, ол «Қазақстан Жұлдызы» Алтарын көрсетіп, оның тарихы жайлы айтып берді. Алтарды құру авторы болып суретші Мариуш Драпиковский табылады.
Сонымен қатар, қатысушылар «Ана үйі» киіз үйіне барып, оның ортасында «Ұлы Дала Анасы» (Мать Великой Степи) деп аталатын, Құдай ананың сәби Иисуспен және періштелер иконасының композициясы орналасқан. Бұл композицияның авторы болып қазақстандық суретші Досбол Қасымов табылады.
Одан әрі қатысушылар Петропавл қаласында орналасқан «Абылай хан резиденциясы» музей кешенін тамашалады. Экскурсия барысында 4 залда болды: бірінші залда қатысушылар Абылай ханның өмірі туралы білді; екіншісінде Абылайдың жайлы бөлмелерімен танысты; үшіншісінде тақ залының сәндік жиһаздарын көрді, ал төртіншісінде Абылай ханды ұлы мемлекет қайраткері ретінде таныды.
Экскурсиялық сапар дінаралық бейбітшілік пен келісімнің зор маңыздылығын айқын көрсетті. Қатысушылар көптеген жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсерлерге ие болды.