Табысты кибершабуылдардың 80%-ы ұйым қызметкерлерінің немқұрайдылығынан және азаматтардың киберқауіпсіздіктің негізгі принциптері туралы білімінің жеткіліксіздігінен туындайды. Цифрлық трансформация жағдайында бұл фактор деректерді қорғауға және мемлекеттік пен жеке ақпараттық жүйелердің тұрақтылығына айтарлықтай қауіп төндіреді.
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында CitizenSec.kz (https://citizensec.kz/awareness) порталы іске қосылды. Бұл онлайн-платформа азаматтарды интернетті қауіпсіз пайдалануға үйрететін қысқа бейнеформаттағы интерактивті курстарды ұсынады. Курстардың тақырыбы киберқауіпсіздіктің негізгі аспектілерін қамтиды, соның ішінде:
пароль саясаты;
фишинг және әлеуметтік инженерия әдістері;
әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік;
дербес деректер мен электрондық цифрлық қолтаңбаны қорғау.
Курсты аяқтағаннан кейін пайдаланушылар кибергигиена туралы білімін растайтын жетістік сертификатын алады.
Киберқауіпсіз қоғам қалыптастыру – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 269 қаулысымен бекітілген 2023–2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, АКТ саласын дамыту және киберқауіпсіздік тұжырымдамасының басты міндеттерінің бірі.
CitizenSec.kz – әрбір азаматтың өз деректері мен жеке ақпаратын қорғау үшін қажетті білім алуына мүмкіндік беретін еліміздің қауіпсіз цифрлық болашағына жасалған маңызды қадам.