«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»

«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»

2023 жылғы 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауының жариялағанына бір жыл толады.

Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынып, әлеуметтік-экономикалық салада, ұлттық және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде жүзеге асырылатын басты міндеттерді айқындап берді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі Жолдауда айтылған міндеттерді іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда.

Былтырғы наурыз айындағы Президент Жолдауы елдегі ауқымды конституциялық реформаның алғышарты болды және қоғамда «Әділетті Қазақстан» құру идеясын бекіте түсті.