Ақмола облысында «Akmola International Esports Cup 2026» халықаралық турнирі өтеді.

Ақмола облысында «Akmola International Esports Cup 2026» халықаралық турнирі өтеді.

Ақмола облысында «Akmola International Esports Cup 2026» халықаралық турнирі өтеді.

 

Qazaq Cybersport Federation республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасымен бірлесіп, Ақмола облысы әкімдігінің және бас серіктес «Қазақтелеком» АҚ қолдауымен «Akmola International Esports Cup 2026» халықаралық киберспорт турнирінің өтетінін хабарлайды.

Турнир Орталық Азия өңіріндегі ең ірі халықаралық киберспорттық іс-шаралардың біріне айналып, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан қатысушыларды біріктіреді. Кәсіби ойыншылармен қатар, жарысқа Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінің барлық ниет білдіруші тұрғындары қатыса алады.

 

«Akmola International Esports Cup 2026» төрт танымал киберспорттық дисциплина бойынша өтеді:

  • Counter-Strike 2 (PC)
  • Mobile Legends: Bang Bang (Mobile)
  • PUBG Mobile (Mobile)
  • Clash Royale (Mobile)

 

Турнирдің жалпы жүлде қоры - 5 000 000 теңге

  • Counter-Strike 2 - 2 000 000₸
  • Mobile Legends: Bang Bang - 1 250 000 ₸
  • PUBG Mobile - 1 250 000 ₸
  • Clash Royale - 500 000 ₸

 

Турнир кезеңдері: Онлайн іріктеу кезеңі 2026 жылғы 13–24 маусым

Play-Off кезеңі 2026 жылғы 25–30 маусым

Online Final (PUBG Mobile) 2026 жылғы 1-2 шілде

LAN-финал 2026 жылғы 5 шілде, Kokshe Arena алаңында

Ұйымдастырушылар турнир халықаралық деңгейде расталып, ойын баспагерлері мен профильдік платформалар тарапынан ресми мойындауға ие болатынын атап өтті. Counter-Strike 2 матчтарының нәтижелерін HLTV.org платформасында растау жоспарлануда, PUBG Mobile жарыстары Tencent компаниясының ресми қолдауымен өтеді, ал Mobile Legends: Bang Bang турнирі ойын шығарушысы MOONTON қолдауымен және бекітуімен ұйымдастырылады.

Бас серіктес «Қазақтелеком» АҚ қолдауымен өтетін «Akmola International Esports Cup 2026» Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия өңіріндегі киберспортты дамытудағы маңызды қадам болмақ. Турнир халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, жастар спортын, цифрлық индустрияны қолдауға және өңірдің кәсіби әрі әуесқой командалары үшін жаңа алаң қалыптастыруға бағытталған.

Турнирге Орталық Азияның үздік ойыншылары мен командалары қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар, бұл жарыс киберспортты, цифрлық технологияларды және жастар бастамаларын насихаттайтын ірі алаңға айналмақ. Ұйымдастырушылар «Akmola International Esports Cup 2026» жыл сайын өтетін халықаралық іс-шараға және Орталық Азиядағы ең ірі киберспорт алаңдарының біріне айналатынына сенімді.