Цифрлы көзқарас: Ақмола облысындағы бірыңғай дрондар жүйесінің қызметі.

Цифрлы көзқарас: Ақмола облысындағы бірыңғай дрондар жүйесінің қызметі.

 

 

 

 

«Бірыңғай дрон инфрақұрылымы» жобасы аясында Ақмола облысында бүгінгі күні 21 стационарлық дрон және 1 мобильді дрон жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда, қардың белсенді еру кезеңінде, негізгі назар су тасқынының алдын алу шараларына бағытталған — біз су деңгейін, аумақтардың жағдайын және су басу қаупі бар аймақтарды бақылап отырмыз. Сонымен қатар, өңірдегі экологиялық жағдайға да ерекше көңіл бөлінуде. Дрондардың көмегімен аумақтарды тазалау жұмыстары, қар массасының жай-күйі және қарды уақытылы шығару үдерісі бақылауда, бұл өз кезегінде су басудың алдын алуға тікелей әсер етеді.

Жиналған барлық ақпарат жедел түрде жергілікті атқарушы органдарға жолданады, олар анықталған мәселелерді жою үшін тиісті шаралар қабылдайды. Бұдан бөлек, Ақмола облысы бойынша бірыңғай байланыс орталығы — ai komek 109 қызметімен белсенді өзара іс-қимыл жүргізілуде. Түскен өтініштер негізінде біз аумақтарға әуе шолуын жүргіземіз: қоқыс жиналған орындарды, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін, ірі көлемді және тұрмыстық қатты қалдықтардың шығарылуын тіркейміз. Одан кейін бұл ақпарат та жауапты қызметтерге жіберіледі.

Көкшетау қаласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды ерекше атап өткен жөн. Бізде күніне екі рет — сағат 11:00-де және 16:00-де орындалатын тұрақты әуе шолу маршруты жолға қойылған. Осы маршрут аясында қоқыс контейнер алаңдарының жай-күйіне мониторинг жүргізіледі.

Егер әуе шолу барысында контейнерлердің толып кетуі, қоқыстың уақытылы шығарылмауы немесе ірі көлемді қалдықтардың (мысалы, жиһаз немесе тұрмыстық заттар) болуы анықталса, ақпарат жедел түрде тиісті атқарушы органдарға шара қабылдау үшін жолданады. Осылайша, анықталған барлық мәселелер барынша жедел пысықталады, бұл тұрғындар тарапынан түсетін шағымдар санын азайтуға және қалада тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді.

Су тасқыны кезеңі аяқталғаннан кейін де жұмыс тоқтамайды. Дрондар облыстың аудан орталықтарына қайта бөлінеді. Көкшетау қаласындағы абаттандыруды автоматтандырылған бақылау тәжірибесі бүкіл өңірге таратылатын болады.