
Ақмола облысында өмірдің барлық салаларына цифрлық технологияларды енгізу жалғасуда. Бұл экожүйенің орталық буыны барлық мәліметтерді біріктіретін Smart Aqmola болып табылады, ол жағдаяттық орталық пен Ai-Komek (109/112) байланыс орталығын қамтиды. 2025 жылы байланыс орталығына 40 мыңнан астам өтініш түсті.
Аграрийлерге мемлекеттік қолдау «бір шерту» форматына көшірілді. Жасанды интеллект жердің мақсатты пайдаланылуын бағалайды, ал «Диқан плюс» тәжірибелік жобасы өнім шығынының негізгі себептерін анықтады.
Облыста 1000 жаңа камера орнатылып, 500 ескі камера біріктірілді. Жүйе мемлекеттік нөмірлерді, автомобиль маркалары мен түстерін таниды. Тасқын мен өрттерді бақылау үшін дрондар қолданылады. Бес орман шаруашылығында орман өрттерін ерте анықтау жүйесі іске қосылды.
2025 жылдың желтоқсан айында облыстық және Атбасар ауруханаларында инсультті диагностикалау үшін Cerebra жүйесі енгізілді (алғашқы апталарда 64 зерттеу жүргізілді). Ascle AI платформасы алдын ала диагноз қоюдың дәлдігін 95% дейін арттырып, дәрігерлердің құжат айналымын 40% қысқартты.
«Smart Aqmola барлық ведомстволардың мәліметтерін біріктіреді. Бұл басқаруның ашықтығын арттырып, билік қызметін жеңілдетеді және тұрғындарға көрсетілетін қызметті жақсартады», – деп атап көрсетті «Smart Aqmola» ММ басшысының орынбасары Асылбек Байборанов.