
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Басты мақсат — цифрлық технологиялар мен ЖИ-ді мемлекеттік қызметтерден бастап экономика, денсаулық сақтау және білім беру салаларына дейін кеңінен енгізу. Бұл елді жаңғыртудың жаңа кезеңі болып, бизнес пен инновацияларды дамытуға тың мүмкіндіктер ашады.