Цифрлық қолжетімділік: өңірдің 37 ауылы спутниктік интернетке қосылды

Цифрлық қолжетімділік: өңірдің 37 ауылы спутниктік интернетке қосылды

Зеренді ауданының Еңбекбірлік ауылында OneWeb спутниктік интернеті орнатылып, тегін қоғамдық Wi-Fi іске қосылды. Жоба «Қолжетімді интернет» ұлттық бастамасы аясында жүзеге асырылды.

Осы технология негізінде Ақмола облысының тағы 37 ауылына жоғары жылдамдықты интернет тартылды.

Спутниктік интернеттің енгізілуі ауыл тұрғындарына жаңа мүмкіндіктер ашады:

онлайн-білім алу;

қашықтан жұмыс істеу;

кәсіпкерлікті дамыту;

мемлекеттік және цифрлық қызметтерге қол жеткізу.

Жобаны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Jusan Mobile компаниясымен бірлесіп, Ақмола облысының цифрландыру басқармасы мен облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырды.

OneWeb технологиясы қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті қысқартып, елді мекендердің орналасу қашықтығына қарамастан заманауи интернет-сервистерге бірдей қолжетімділік береді.