Бұланды ауданы бойынша мониторинг

Бұланды ауданы бойынша мониторинг

«Біртұтас дрон инфрақұрылымы» жобасы аясында Бұланды ауданының жол-тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымы пилотсыз ұшу аппараттары (БПЛА) арқылы мониторингтен өтті. Мониторингтің мақсаты – мәселелерді дер кезінде анықтап, жедел әрекет ету және тұрғындардың өмір сапасын арттыру.

Дрондар бірқатар өзекті проблемаларды анықтады:
• Жол инфрақұрылымы: Амангелді Иманов көшесінде жолдардың нашар күйі тіркелді.
• Коммуналдық шаруашылық: Қардың уақытылы тазартылмауы бойынша олқылықтар анықталды.
• Экология: Құрылыс қалдықтарының жиналуы және қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) дер кезінде шығарылмауы тіркелді.
• Қауіпсіздік: Кезбе иттердің көбеюі байқалды.

Жиналған барлық деректер нақты координаттарымен бірге тиісті атқарушы органдарға шұғыл түрде жолданды. Аудан әкімдерімен жедел шешімдер қабылдау үшін арнайы жиын өткізілді.

Технологиялар тәртіп орнатуға мүмкіндік береді: дрондар инфрақұрылымды бақылаудың тиімді құралына айналып отыр.