📊 МАУСЫМ АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: 109 IKOMEK ҚЫЗМЕТІНЕ РЕКОРДТЫҚ МӨЛШЕРДЕ ӨТІНІШ ТҮСТІ
Маусым айы біз үшін жоғары белсенділік пен үлкен жауапкершілік айы болды.
109 IKOMEK қызметіне рекордтық көрсеткіш — 3479 өтініш келіп түсті! Бұл жай сандар емес — бұл бізге қалалық мәселелерді сеніп тапсырған тұрғындардың нақты өтініштері.
✅ Орындалды: 2870 өтініш
🔄 Қаралу үстінде: 609 өтініш
Бізге сенім артқан барлық тұрғындарға алғысымызды білдіреміз — бірге қаламызды жайлы ете түсеміз!
🏆 Маусым айындағы ең жиі кездескен ТОП-5 санат:
1. Құдықтар мен люктер — 400 өтініш
2. Электрмен қамту — 348 өтініш
3. Сумен қамту — 123 өтініш
4. Денсаулық сақтау — 91 өтініш
5. Жол инфрақұрылымы — 78 өтініш
Әр өтініш — бұл назардан тыс қалмайтын маңызды белгі. Біздің мамандар күн сайын жауапты қызметтермен тығыз жұмыс істеп, мәселелерді жедел шешуге күш салады.
📲 Еске саламыз: 109 IKOMEK қызметіне WhatsApp арқылы да жүгіне аласыз.