Ақмола облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акциялар жалғасуда.

Ақмола облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акциялар жалғасуда.

           Баспасөз релизі «Таза Қазақстан – Таза табиғат»

Ақмола облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық акциялар жалғасуда.

 

2025 жылғы 29 сәуір күні сағат 10:00-де Қатаркөл көлінде жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық акция өтті. Игі бастама экологиялық жағдайды жақсартуға, табиғи мұраны сақтауға және азаматтар арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Қатысушылардың жиналуы Қатаркөл ауылындағы Жоғары ветеринария және биотехнология колледжінде белгіленді. Одан кейін қатысушылар ұйымдасқан топтармен Қатаркөл көліне барып, тазалау жұмыстарын жүргізді.

Облыс бойынша аумақты тазарту және ағаш отырғызу бойынша осындай іс-шаралар өткізілді, оған 5000-нан астам ақмолалық қатысты.

2025 жылы бағдарлама аясында 2000 гектар аумақта                          14 миллион ағаш отырғызу жоспарлануда. Бүгінгі күнге дейін                     340 гектар жерге 2,3 миллион көшет отырғызылды. Бұл нәтижелер өңір тұрғындарының жоғары белсенділігі мен саналы ұстанымын, табиғатты қорғауға және экологиялық ахуалды жақсартуға шынайы ұмтылысын көрсетеді.

Ақмола облысындағы акция мемлекеттік органдар, орман шаруашылығы мекемелері, қоғамдық ұйымдар мен еріктілердің тиімді өзара іс-қимылының жарқын үлгісі болды. Бірлескен күш-жігер тұрақты дамудың мемлекет пен қоғамның ынтымақтасуы арқылы ғана мүмкін болатынын дәлелдейді.