“NURLY”өнер орталығы ұйымдастырған Дубайдағы “NURLY FEST” -2025 халықаралық фестиваліне қатысқан Бурабай ауданы Оқжетпес мәдениет үйінің “Оқжетпес сазы” домбырашылар ансамблі бас жүлдені иеленді. Түрік Республикасының Стамбул қаласында өтетін Халықаралық фестиваліне тегін жолдамамен марапатталды.Сонымен қатар соло орандаушылар: Амантай Нұрәлі,Хасьянова Диана,Есім Нұрәлі -бас жүлде иеленсе, Қаматаев Алдияр, Дағыстан Нұрислам -1 орын алды. Жас өнерпаздарымызды жеңіспен құттықтай отырып, ансамбль жетекшісі-Риза Оразбековнаға шексіз алғысымызды білдіреміз.Өнерпаздарымыздың өркені асқақтап,өрге жүзе берсін!