Ақмола облысының ХҚКО-ларында Қарттар күніне арналған шара өтті

Ақмола облысының ХҚКО-ларында Қарттар күніне арналған шара өтті

 

1 қазан күні Қазақстанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Мерекеге орай Мемлекеттік Корпорацияның Ақмола облысы бойынша филиалы акция өткізді. Бұлкүні ХҚКО қызметкерлері зейнеткерлерді құттықтап, зейнетақы куәліктерін табыстады.

Айта кетейік, күніне филиалдың фронт-офистеріне 40-қа жуық қызметалушы зейнетақы тағайындау қызметі бойынша жүгінеді. Қарттар күні еліміз бойынша барлығы 800-ге жуық азамат куәлік алды. Ең көп зейнетақы куәліктері Алматы қаласында жәнеТүркістан облысында, ал ең аз мөлшері Ұлытау облысында берілді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда 2,5 миллионға жуық зейнеткер бар, олардың 115 315 мыңнан астам Ақмола облысында тұрады.

Аталған қызметті алушылар зейнетақы куәліктерін тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары деңгейде болғандығы, сондай-ақыңғайлы сервистер арқылы жүзеге асқандығы жайлы айтты.