Жеңіс күніне орай азаматтардың 9 санатына 22,4 млн теңге төленеді

Жеңіс күніне орай азаматтардың 9 санатына 22,4 млн теңге төленеді

9 Мамыр-Жеңіс күніне арналаған іс-шаралар жоспары аясында жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 22 млн 396,7 мың теңге құрайтын  бірқатар санаттағы 320 азаматқа біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануда, әлеуметтік төлемдер азаматтардың 9 санатын қамтитын болады:

🔹1 ҰОС қатысушысына жергілікті бюджеттен 3,0 млн. теңге (аудандық бюджеттен 2,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 1,0 млн.теңге); 
🔹 «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған  2 азаматқа 73840 теңге сомасында (20 АЕК);
🔹2 кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына 110 760 теңге сомасында(30 АЕК);
🔹қайтыс болған ҰОС мүгедектігі бар 14 адамдардың жұбайларына 73840 теңге мөлшерінде (20 АЕК);
🔹қайтыс болған әскери қызметшілердің 12 отбасына 55380 теңге (15 АЕК);
🔹1986-87 жж. және 1988-1989 жж. қатысқан Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқан 29 адамға 92300 теңге мөлшерінде (25 АЕК);
🔹Тәжік-Ауған шекарасы, Таулы Қарабақ, Венгрия, Египет аумағындағы әскери қимылдардың 49 ардагеріне 92 300 теңге сомасында (25 АЕК);
🔹197 тыл еңбеккерлеріне 55380 теңге (15 АЕК).