БУРАБАЙ КЕНТІНІҢ КІТАПХАНАСЫ ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛ КІТАПХАНАСЫ АТАНДЫ

БУРАБАЙ КЕНТІНІҢ КІТАПХАНАСЫ ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛ КІТАПХАНАСЫ АТАНДЫ

Бурабай ОКЖ Бурабай кентінің үлгілі кітапханасы “Ауылдық маңызы бар үздік кітапхана” атанды.

2024 жылғы 11 сәуірде М. Жұмабаева атындағы Ақмола ООҒК “Рухани қазына-2024” өңірлік байқауының қорытынды кезеңі өтті.Өңірлік байқауға 18 ауданның кітапханалары қатысты.

Байқауға қатысушылардың өтінімдерімен, бейнероликтерімен және слайдтарымен танысқаннан кейін (бағалау бес балдық жүйе бойынша жүргізілді) қазылар алқасы Бурабай кентінің үлгілік кітапханасы “Ауылдық маңызы бар үздік кітапхана” номинациясы бойынша жеңімпаз деп таныды.

Кітапханада “Досым оқыған кітап”, “Автор және оқырман”, “Ұрпақтар жалғасы”, «Кроссбукинг» атты ең қызықты жобалар, қызығушылық клубтары кітапхана жұмысының жандандануына, қарқынды алға басуына өз ықпалын тигізуде. Бүгінгі таңда кітапхананың жалпы кітап қоры  5622 дана.  Оқырмандар саны 1200.

Кітапхана “Рухани қазына-2024”республикалық фестиваліне қатысады.