ҚҰРМЕТТІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ!
2023 жылдың 23-24 қараша аралығында Ақмола облысында «Қыс-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын одан әрі жетілдіру және тексеру мақсатында өткізіледі.
Оқу-жаттығу басшылығының облыстық штабы келесі мекенжай бойынша орналастырылады: Шортанды ауданы, Шортанды к., Абылай хан к-сі, 26А, Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Ойын-сауық орталығы» КММ ғимараты.
Байланыс телефоны: 8 (716-31) 3-51-60, 8 (7162) 33-29-76
Оқу-жаттығуға басшылықтың аудандық штабы келесі мекенжай бойынша орналастырылады: Щучинск қ.Абай к-сі (ш / а.) Заречный), 126А, МӨС-6 ғимараты
Байланыс телефоны: 8 (71636) 4-55-01