Бурабай ауданында "CROSSBOOKING" кітапханааралық абонементі" жобасы жүзеге асырылуда.

Бурабай ауданында "CROSSBOOKING" кітапханааралық абонементі" жобасы жүзеге асырылуда.

 

Бурабай ауданында «CROSSBOOKING» кітапханааралық абонемент» жобасы іске асуда. 

Жобаның мақсаты-  Бурабай ауданының білім ошақтарымен ынтымақтастық орнату және кітапханалар арасында өзара  кітап алмасу, оқырмандар үшін кітаптардың қолжетімділігін арттыру, кітап қорын насихаттау, оқырмандар сұранысын арттыру. 

Жоба  жұмысы Қатаркөл ауылының  кітапханасы мен ауылшаруашылық колледжінің арасында кітап алмасуымен  және  ынтымақтастық меморандумға қол қоюымен бастау алды.

Жобаның ерекшелігі  - басқа кітапханалардың кітап қорларын пайдалануға мүмкіндік беріледі және оқырмандардың  кітап оқу сапасын арттырады.

Алдағы уақытта жоба жұмысы Щучинск қаласының білім ордаларында  және ауданның ауыл мектептерінде жалғасын табады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде аудан тұрғындары арасында оқырмандар санының артуы, кітапханаларға келушілер санының көбеюі, қорды  тиімді жарнамалауға, кітапханалар жұмысының имиджін арттыру күтіледі.

Бүгін аудан басшысы орталық аудандық кітапханаға барып, оқырмандарымен кездесті. Кездесуде "Айтарым бар" кітапхана клубының қатысушылары кітапханаға қатысты әңгімелерімен, алғашқы кітабымен бөлісіп, өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Жоғары педагогикалық колледж, жоғары техникалық колледж және аудандық кітапхана өзара 30-дан астам кітап алмасты.

"Кітап-білім қоры, білім және өзін-өзі дамыту қайнар көзі. Жастардың кітапхана бастамаларына қызығушылық танытып, қолдау көрсетіп жатқаны қуантады", - деп атап өтті аудан әкімі Арай Садықов.