Бурабай ауданындағы Ұлттық валюта және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні

Бурабай ауданындағы Ұлттық валюта және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні

Бүгін ұлттық валюта және қаржы жүйесінің қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті .

Бурабай ауданының әкімі А.С. Садықов құттықтауында қаржы жүйесі қызметкерлерінің еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, қаржы секторының тұрақтылығына және экономикалық өсуді қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін наградалар табыс етті.

Бурабай ауданы экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Оксана Мацко және бөлім секторының меңгерушісі Құралай Қалиева "қаржының үздігі"төсбелгісімен марапатталды.

Ақмола облысы мен Бурабай ауданы әкімінің алғыс хаттарымен қаржы, бюджеттік ұйымдар мен жеке кәсіпорындар қызметкерлерінің қосқан үлесі мен еңбегі атап өтілді.

Мерекемен құттықтаймыз!