Құрметті аудан тұрғындары!
Тағы бір қуанышты жаңалық!
Біздің жерлесіміз, Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Жанель Құрманғалиева "Тоғыз құмалақ" үстел ойынынан оқушылар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Спортшының жаттықтырушысы-Жұматай Базарұлы Әбілқасов.
"Тоғыз құмалақ" ойыны бойынша әлем чемпионаты тарихта тұңғыш рет өтті, оған 15-17 жас аралығындағы әлемнің 17 елінен 200-ден астам оқушы қатысты.
Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!