Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар-кеңес

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар-кеңес

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Спикерлер: Н.К. Шытырымбек – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы және Д.Г. Жұмабек - Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау бөлімінің басшысы.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында
Д.Г. Жұмабек қызмет көрсету процесіне тартылған қызметкерлерге мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың ережелерін, сондай-ақ осы саланы реттейтін өзге де нормативтік құқықтық құжаттарды түсіндірді.

Аталған семинарға жер қатынастары, сәулет, әлеуметтік қорғау, халықты жұмыспен қамту, спорт, ауыл шаруашылығы, білім беру, ветеринария, Мұрағат, Денсаулық сақтау және қорғаныс салаларында мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты қызметкерлер қатысты.

Семинар барысында көрсетілетін қызметті берушілер сұрақтар қойып, пікір алмасты.