Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында

Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген Мемлекеттік қызметші күні құрметіне Бурабай ауданының жергілікті атқару органдарының мемлекеттік қызметшілері белсене қатысты.

Бурабай ауданының мемлекеттік қызметшілерінен құралған футбол командасын қолдау мақсатында облыстық спартакиаданың ресми ашылу салтанатында мемлекеттік қызметшілер жанкүйерлер болып аудан атынан қолдаушылар ретінде қатысты.

Бурабай ауданы әкімінің аппараты, бірыңғай персоналды басқару бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметтегі ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбы бойынша жас мемлекеттік қызметшілер мемлекет қызметінің ардагерлерімен кездесу өткізді.

Сондай-ақ аталған іс-шараларға қоса, мемлекеттік қызмет имиджін арттыру мақсатында жас мемлекеттік қызметшілерге Бурабай ауданының мәдениет, тілдер дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімімен бірлесе отырып, аудандық мұражайға саяхат жасалды.