Online жәрмеңке

Online жәрмеңке

Бүгін Бурабай ауданында халыққа мемлекеттік қызметтерді алу туралы практикалық көмек және кеңес беру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында онлайн-форматта мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шараға «Бурабай ауданының жұмыспенқамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі» ММ-нің, «Авиценна-Бурабай» ЖШС-ның, «Бурабай ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің құжаттау бөлімінің өкілдері қатысты.
Жәрмеңке барысында тікелей эфирде азаматтар тұрғындарды тіркеу, десаулық сақтау және қорғаныс сияқты салаларда мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қажетті консультациялық-әдістемелік көмек алды.
Мысалы, шет елде туған, нәрестені балалар емханасына бекіту бойынша тұрғындарды тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұраққа лезде жауап берілді.
Жәрмеңкені онлайн-форматта өткізу тәжірибесі жоғары тиімділікті көрсетті, өйткені келіп түскен өтініштер жедел қаралды, ал күту уақыты жалпы алғанда 3 минуттан аспады. Жәрмеңкелерді онлайн-форматта өткізу тұрақты негізде жүргізілетін болады.
Осылай, жәрмеңке өткізу кезеңінде АХАТ саласындағы бағыт бойынша барлығы сұрақ түсті.
Барлығы тікелей эфирде 70-тен астам қызмет алушы қатысты.