Online жәрмеңке

Online  жәрмеңке
Бүгін Бурабай ауданында халыққа мемлекеттік қызметтерді алу туралы практикалық көмек және кеңес беру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында онлайн-форматта мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өткізілді.
  
ЭФИР

Іс-шараға «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің, «Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің, «Бурабай ауданының спорт және туризм бөлімі» ММ-нің, «Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің және Бурабай ауданының мемлекеттік мұрағатының өкілдері қатысты.
Жәрмеңке барысында тікелей эфирде азаматтар мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қажетті консультациялық-әдістемелік көмек алды, олар аса танымал салалардағы: білім, спорт, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ, экономика және қаржы сияқты.
Жәрмеңкені онлайн-форматта өткізу тәжірибесі жоғары тиімділікті көрсетті, өйткені келіп түскен өтініштер жедел қаралды, ал күту уақыты жалпы алғанда 3 минуттан аспады. Тікелей эфир кезінде сұрақтар туындамады. Жәрмеңкелерді онлайн-форматта өткізу тұрақты негізде жүргізілетін болады.