Online жәрмеңке

Online жәрмеңке

Бүгін Бурабай ауданында халыққа мемлекеттік қызметтерді алу туралы практикалық көмек және кеңес беру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында онлайн-форматта мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өткізілді.

https://www.instagram.com/p/CUpJ2jvDb7P/  

Іс-шараға «Бурабай ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің, «Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің, «Бурабай ауданын сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің, «Бурабай ауданын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің өкілдері қатысты.
Жәрмеңке барысында тікелей эфирде азаматтар жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары сияқты аса танымал салаларда мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қажетті консультациялық-әдістемелік көмек алды.
Мысалы, Бурабай ауданының азаматының жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «жер актісін ресімдеу бойынша» сұрағына толық түсініктеме берілді. Сондай-ақ, тұрғындарды «құрылыстар мен имараттарды бұзу», «мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жайды жекешелендіру» тәртіптері мәселелері толғандырды, түскен барлық сұрақтарға қысқа мерзімде толық және түпкілікті жауаптар берілді.

Жәрмеңкені онлайн-форматта өткізу тәжірибесі жоғары тиімділікті көрсетті, өйткені келіп түскен өтініштер жедел қаралды, ал күту уақыты жалпы алғанда 3 минуттан аспады. Жәрмеңкелерді онлайн-форматта өткізу тұрақты негізде жүргізілетін болады.
Жәрмеңке өткізу кезеңінде барлығы келесі бағыттар бойынша 6 сұрақ түсті:
- жер қатынастары саласы - 2 сұрақ;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы - 1 сұрақ;
- сәулет және қала құрылысы саласы - 3 сұрақ.
Барлығы тікелей эфирде 50-ден астам қызмет алушылар қатысты.