«Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ қызметінің 2021 жылдың 1 тоқсанына нәтижелері туралы

«Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ қызметінің 2021 жылдың 1 тоқсанына  нәтижелері туралы

«Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ қызметінің 2021 жылдың 1 тоқсанына нәтижелері туралы            

Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2021 жылдың 1 тоқсанына 72 аудиторлық іс-шара өткізді, аудит жалпы сомасы 15 086,5 млн.теңгені құрайтын бюджет қаражатын қамтыды, оның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 10 829,7 млн.теңгеге немесе қамтудың жалпы көлемінің 71,8% -ына заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:• 4 873,1 млн.теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар;• 417,9 млн.теңге сомасындағы іс жүргізу сипатындағы бұзушылықтар;• 5 538,7 млн.теңге сомасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзылуы.            Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 4 873,1 млн.теңге қалпына келтіруге, есепке алуға және бюджетке өтелуге жатады, оның ішінде 2 738,3 млн.теңге көлеміндегі бұзушылықтар жойылды.            Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін аудит объектілеріне 62 нұсқамалар жіберілді, оның ішінде 18 нұсқамаларға орындалу мерзімі келмеген. Толығымен орындалды - 41 нұсқамалар. Нұсқамаларға берілген жауаптарға сәйкес, аудит объектілерінің 46 лауазымды тұлғалар жіберілген бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.            Есепті мерзімде Департаментпен лауазымды тұлағаларға қатысты жалпы сомасы 12,9 млн.теңге айыппұл салуға 173 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оның 12,9 млн.теңгесі немесе айыппұлдардың жалпы сомасының 100% -ы бюджетке өтелді.            Департаментпен процессуалдық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына 2009,1 млн.теңге сомасына 9 аудиторлық материалдарды жіберілді, оның ішінде: 2 материал сотқа жолданды, 2 материал қылмыстық іске, 1-материал бойынша қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттерінің болмауына байланысты тоқтатылды, 4 материал өндірісте.            Сонымен қатар, Департаментке 342 834,6 мың теңгенің қамтылған бюджеттік қаражатының жалпы көлемімен қозғалған қылмыстық іс аясында шығарылған талаптар, анықтамалар, шешімдер негізінде құқық қорғау органдары тартқан мамандардың 6 қорытындысы дайындалды, оның ішінде:- прокуратураның талаптары мен сұраныстары бойынша - 1 қорытынды;- қозғалған қылмыстық істер шеңберінде маман тарту туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің шешімдері бойынша - 4 қорытынды;- Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің жарлығымен -1 қорытынды.

Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомада заң бұзушылықтар анықталды 132 624,9 мың теңге, оның ішінде: - 119 336,1 мың теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар; - 13 288,8 мың теңге сомасындағы іс жүргізу сипатындағы бұзушылықтар.