Зейнетақы төлемін алдын-ала есептеу

Зейнетақы төлемін алдын-ала есептеу

Зейнетақы төлемін алдын-ала есептеу ✍️

✅ Зейнетақы жасына кем дегенде үш ай уақыт қалғанда, өтініш беруші кеңес алу және алдын-ала есеп алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ әлеуметтік қамтамасыз ету филиалының бәлімшелеріне өтініш бере алады.

📁 Кеңес алу үшін жеке куәлік пен еңбек кітапшасы, білім алу құжаты, әскери билет қажет. Әйелдерге сонымен қатар, неке туралы куәлігі мен балалардың туу куәлігі қажет.

📨 Филиал қызметкері кеңес беру мен зейнетақы төлемін алдын-ала есептеу жөніндегі ақпаратты өтініш берушіге қағаз түрінде береді.

❗ Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік қамтамасыз ету филиалының бөлімшелеріне өтініш беруші өзі өтініш жасаса, сол күні кеңес алу мен алдын-ала есептеуін алады.

☎️ Әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша сұрақтар болса, Біріңғай байланыс-орталығына, 1411 нөміріне хабарласуға болады