Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімдігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылдың мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Бурабай ауданы әкімінің аппараты» ММ құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Қабиденов Алтынбек Қайырұлына мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 4-59-05, қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде қабылданады.