"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет

"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері - 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"; 2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www. egov. kz;

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күні

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: 1) Мемлекеттік корпорацияға:

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

банктік шоты;

тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;

коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

2) порталға:

мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;

балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

банктік шотының электрондық көшірмесі;

тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;

коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;

телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.