
Бурабай ауданының Мәдениет үйінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Аудан әкімі жиналғандарды мерекемен құттықтап, Республика күні – ел бірлігінің, азаматтық жауапкершіліктің және ел дамуына деген ұмтылыстың нышаны екенін атап өтті.
Іс-шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан тұрғындарға құрмет көрсетілді.
Мерекелік бағдарлама шығармашылық ұжымдардың концерттік қойылымдарымен аяқталып, көтеріңкі әрі қуанышты көңіл-күй сыйлады.