Құрметті Бурабай ауданының тұрғындары!
Қайырлы күн, orken.otbasybank.kz порталында тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған Кезекте тұрғандардың дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімге қол қою рәсімі басталды.
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімге қол қою «түгендеу» рәсімінен одан әрі өту үшін қажетті міндетті кезең болып табылады.
Назар аударуды сұраймыз:
✔ Келісімге бұрын kezekte.kz платформасы арқылы тіркелген клиенттер ғана қол қояды.
❌ Оrken.otbasybank.kz платформасы арқылы есепке тұрған клиенттерге келісімге қол қою талап етілмейді.
Назар аударыңыз: қамқоршылар тарапынан келісімге қол қою рәсімі әлі басталған жоқ. Басталу мерзімі туралы қосымша хабарланатын болады.
Егер қол қою рәсімі Жеке кабинетте келісім көрсетілмесе, онда парақшаны жаңарту немесе басқа браузер арқылы өту қажет.
Сілтеме арқылы өтіп, бейне нұсқаулықпен тағы да танысуды сұраймыз: https://www.instagram.com/reel/DPwAtsTiDpD/?igsh=bXpnc2ZpZTY3aW5u.
Сондай-ақ, Сізге жүгінген кезде ақпаратты мүдделі тұлғаларға дұрыс және уақтылы жеткізуді сұраймыз.