2025 жылғы маусымда келесі ұйымдарда 2024 жылғы 1 маусымнан 2025 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады:
- «Бурабай жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
- «Бурабай Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
- «Бурабай тазалық» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатысуға барлық мүдделі тұлғалар шақырылады. Сіз жұмыс тобының құрамына қатыса аласыз.
Талдау жүргізуге қатысу мәселелері бойынша «Бурабай ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы А.Ж. Жаныбековке 4-59-05 телефоны бойынша хабарласу қажет.