Хабарлама

Хабарлама

2021 жылғы 25 шілдеде төрт сайлау округі бойынша Бурабай ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Бурабай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының                     14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бурабай ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Златополье ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша  Златополье сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1659 азамат енгізілді, оның 1 405-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 53, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылғаны - 184.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Д.З. Құлағнанов – 153; Е.Б. Накенов –  98; С.С. Сипульдин – 917.

1960 жылы туған, бұрын Златополье ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген Сәкен Сабыржанұлы Сипульдин Златополье ауылдық округінің әкімі болып сайланды, «Nur Otan» партиясы ұсынған, Златополье ауылдық округінің Златополье ауылында тұрады.

Қатаркөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша                               Қатаркөл сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2065 азамат енгізілді, оның 1 568-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 197, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 377.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

А.Ж. Айтбаева – 288; Б.А. Ерғалиев– 203; М.С. Құсаинов– 503.

Қаратал ауылдық округінің әкімі болып Құсайынов Мереке Сапарбекұлы сайланды, 1959 жылы туған, бұрын Қатаркөл ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген, Қатаркөл ауылдық округінің Қатаркөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

Кенесары ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша                            Кенесары сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1557 азамат енгізілді, оның 1371-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 102.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

А.А. Ахметов– 955; А.Б. Жүсіп– 264; А.Қ. Мешелов– 41.

1960 жылы туған, бұрын Кенесары ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген Ахметов Әлімжан Амангелдіұлы Кенесары ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Абылайхан ауылдық округінің Қызылағаш ауылында тұрады, оны «Nur Otan»партиясы ұсынған.

Ұрымқай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Ұрымқай сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1931 азамат енгізілді, оның 1675-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 86, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 109.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ж.Қ. Оспанов – 1 176; Ю.С. Сергеев – 178; В. А. Цюрюпа - 126.

Ұрымқай ауылдық округінің әкімі болып Жамбыл Қажыбайұлы Оспанов сайланды, 1960 жылы туған, бұрын Ұрымқай ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген, Ұрымқай ауылдық округінің Ұрымқай ауылында тұрады, оны «Nur Otan»партиясы ұсынған.

 

Бурабай аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 июля 2021